Күрес

Алматыда Еркін күрес Академиясы ашылды

Алматыда Еркін күрес Академиясы ашылды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Алматы қаласында Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен жаңадан ашылған Еркін күрес Академиясының таныстырылу рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының төрешілер корпусы және бапкерлер штабының жұмысы жөніндегі вице-президенті Ерлан Сәдуақасұлы Қожасбай, еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев, еркін күрестен Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі, Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем біріншілігінің жеңімпазы Хаджымұрат Гацалов және ұлттық құраманың балуандары қатысты.

- Өздеріңіз білесіздер тамыз айында Париж қаласында әлем чемпионаты өтеді. Дүбірлі додада күш сынайтын құрама балуандарының тізімі анықталды десе де болады. Ел намысын қорғайтын спортшылар жылдық көрсеткішіне қарап іріктелді, - дейді еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев.

Аталмыш шара барысында тамыз айының 21-26 аралығында Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионатында бақ сынайтын балуандардың тізімі жарияланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті шілденің 18-30 аралығында Түркияның Самсун қаласында өтетін Сурдлимпиадаға қатысатын балуандарымызға арнайы форма табыстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер