Жекпе-жек
Бокс

Мэйвезер мен МакГрегор көз арбасты. ВИДЕО

Мэйвезер мен МакГрегор көз арбасты. ВИДЕО
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Лос-Анджелесте Мэйвезер - Макгрегор жекпе-жегі алдындағы алғашқы баспасөз-мәслихаты өтті.

Кәсіпқой бокс жұлдызы америкалық Флойд Мэйвезер мен ең танымал ММА спортшысы ирландиялық Конор МакГрегор алдағы кездесуде бір-бірін аямайтынын айтты.

- Мені бұған дейін ешкім ұтқан емес, бұл жолы сүрінемін деп ойлайсыңдар ма? Сендерге айтайын, бұл «үйсіздің» жеңіске жету мүмкіндігі жоқ. Октагонда екі соққыдан құлаған, қылқынып жеңілген спортшының мені ұта алатынына шын сенесіңдер ме? Күлдім. Ол шаршы алаңға шыға салып жата берсе болады. Себебі, мен оның бір жерін айыруға келе жатырмын, - деп бастады Флойд.

- Қайдағы нокаут? Сен жиырма жыл болды ешкімді нокаутқа құлатқан емессің. Бокста сенсациялар болып жатады, Мохаммед Әлидің өзі талай рет жұртты таңғалдырған. Мен - ММА ғана емес, сондай-ақ бокстың да жұлдызымын. Мұны шаршы алаңда дәлелдеймін! Төрт раунд. Осынша раундтың ішінде мен Мэйвезерді нокаутқа түсіремін, - деп жауап қатты Конор.

Естеріңізге сала кетсек, қос спортшы арасындағы жекпе-жек тамыздың 26-ы, Лас-Вегас қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер