Criminals
Футбол

Полицейлер Ромелу Лукакуды қамауға алды

Полицейлер Ромелу Лукакуды қамауға алды
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Юнайтед» пен Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукаку тұтқындалды.

Танымал футболшы АҚШ-тың Беверли-Хиллз қаласындағы үйінде шулы той өткізіп, қөршілер мен полицейлердің наразылығын тудырған. Бұл жағдай жайлы TMZ сайты хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, полиция қызметкерлері Лукакудың үйіне келіп, мерекелерін тыныш өткізуді талап еткен. Алайда спортшы заң қызметкерлерінің сөзіне құлақ аспай, бағынудан бас тартқан. Нәтижесінде, Ромелу Лукаку құрықталды. Бұл қылығы үшін МЮ шабуылшысы тек айыппұл төлеп құтылған. Өкіншке қарай, айыппұл мөлшері жарияланбады.

Естеріңізге салайық, бүгін «қызыл сойқандар» бельгиялық шабуылшымен келісімге келіп, ресми түрде футболшымен келісімшартқа отырғанын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер