Футзал

Қайрат Оразбеков: Жанкүйерлерімізді әдемі ойынмен қуантуға тырысамыз

Қайрат Оразбеков: Жанкүйерлерімізді әдемі ойынмен қуантуға тырысамыз
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков УЕФА кубогы негізгі кезеңі туралы айтып берді.

- УЕФА кубогы бұл жолы басқа форматта өтеді. Барлық командалар жарысты негізгі кезеңнен бастайды. Яғни, топ клубтар үшін енді босаңсуға болмайды. Бәсекелестік жоғары деңгейде болмақ. Жеребенің қорытындысына көңілім толды. Біздің топтағы командалар маған жақсы таныс. «Пескара» туралы ғана ақпаратымыз аз шығар, бірақ «Динамо» мен «Столицаны» жақсы білеміз. Жалпы ауыр топқа түстік. Енді жанкүйерлерімізді әдемі ойынмен қуантуға тырысамыз, - деді алматылық клубтың президенті.

Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» 1-ші топта «Динамо» (Ресей), «Пескара» (Италия) және «Столица» (Беларусь) клубтарымен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер