Футбол

Вацис Лякявичус: Еуропа Лигасы - біз үшін үлкен тәжірибе

Вацис Лякявичус: Еуропа Лигасы - біз үшін үлкен тәжірибе
news-banner7
mobile-news-top

«Атлантас» клубының бас директоры Вацис Лякявичус Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Қайратқа» қарсы кездесу алдында баспасөз мәслихатына қатысты.

- Біз сияқты кішкентай мемлекеттің командалары үшін мұндай үлкен дәрежедегі жарыстарға қатысу - үлкен тәжірибе. Өзге елдерді көреміз. Жаңа чемпионаттармен танысамыз. Білмейтін нәрселеремізді үйренеміз. Литва халқы футболға қарағанда, баскетболға баса назар аударады. Сол себепті футболдың деңгейі жоғары дей алмаймын. Алайда соңғы уақытта біршама алға жылжу бар. Жас буынды дайындап, болашаққа баса назар аударып жатырмыз. КСРО заманынан бері рет келуім. Қаланы аралап, таныстық. Керемет шаһар. Орталық стадионның сапасына көңіліміз толды. Біздің стадионында жасанды төсеніш төселген. Әрине, табиғи шөпте ойнаған жақсы.

- Баспасөз мәслихатына негізі бас бапкер келуші еді...

- Иә, мұндай сұрақты күткен едім. Уақытша бас бапкеріміз жоқ. Жаттықтырушы міндетін атқарушы Сергей Савченко. Төрт жыл бас бапкерлік қызметте істеген Сарсания Зенитке кетті.

Команданың бірнеше позициясына жаңа футболшылар алу қажет. Футбол маманы ретінде әрқашан жаңа ойыншыларды шақыртқым келеді. Алайда қаржылық жағдайымызға қарай, чемпионатынымыздың дәрежесіне байланысты жоғары деңгейлі ойыншыларды шақырта алмаймыз. Қарсыласымыз секілді қаржымыз жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер