Болжам бұрыш
Футбол

Конфедерация кубогы: Португалия – Чили матчына болжам

Конфедерация кубогы: Португалия – Чили матчына болжам
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Конфедерация кубогының жартылай финалында Португалия Чили құрамасымен күш сынасады.

«Еуропалық бразилиялықтар» өз тобында бірінші орын алғанымен бұл кездесудің фавориті деп чилиліктерді санаймын. Себебі, Оңтүстік Америка чемпиондарының командалық ойыны португалиялықтардан әлдеқайда жақсы. Сонымен қатар, Еуропа чемпиондары сапында бүгінгі ойынға негізгі қорғаушы Пепе қатыспайды. Демек қорғаныстың орталық шебінде 35 жастағы Фонте мен 36 жастағы Алвеш шығуы әбден мүмкін. Ал Санчес пен Варгас сынды шапшаң қимылдайтын шабуылшыларға бұл қорғаныстан өту – аса қиын болмауы керек.

Менің ойымша, бүгін Чили құрамасы жеңіске жетіп, Конфедерация кубогының финалына шығады. Сондықтан бұл ойынға болжамым – Чили құрамасының жеңісі.

Менің болжамым – Чили келесі кезеңге өтеді 2,10 кэф (Olimp.kz)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер