Футбол

«Тобыл» бас бапкерсіз қалды

«Тобыл» бас бапкерсіз қалды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгінгі күннен бастап Омари Тетразде қостанайлық «Тобылдан» кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

Тетрадзе командадан кететінін «Тобыл» - «Шахтер» матчы біткен соң, командаға бірден айтқан. Бүгін Тетрадзе мен клуб басшылығы екіжақтық келісім бойынша, арадағы келісім-шартты бұзды.

Айта кетейік, Омари Тетрадзе «Тобылға» ресейлік «Енисейден» келген болатын. 2016 жылдың мамырында қостанайлық клубпен біржылдық келісім-шартқа отырған.

Оның жаттықтыруымен «Тобыл» чемпионатта 37 матч өткізді. Биылғы маусымда команда 5-ші орында келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер