Футбол

Бауыржан Тұрысбек: «Қайрат» «Атлантасты» жеңген

Бауыржан Тұрысбек: «Қайрат» «Атлантасты» жеңген
news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек Prosports.kz сайтына Еуропа лигасы іріктеу кезеңнің алғашқы матчына дайындығы жайлы айтып берді.

- Бауыржан, «Қайрат» соңғы екі ойынды «Ордабасыға» қарсы өткізді. Бұл кездесулер Еуропа лигасының іріктеу кезеңнің дайындығына қаншалықты көмектесті?

- Бірінші гол соғылғанша ойын үнемі тартысты өтеді. Біздің кездесулер жиі солай өрбіді. Алғашқы гол соққаннан кейін сенімді ойнай бастаймыз. Басым жеңіске қол жеткізуге тырысудамыз. Бізге қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді.

- «Ордабасы» екінші гол жібергеннен кейін ойнауды қойған секілді көрінді...

- 0:2 есебінен кейін нәтижені теңестіру қиын.

- Қазақстан кубогының финалындағы қарсыласыңыз «Атырау» болмақ.

- Кубок деген ерекше турнир. Мұндай жарыста фавориттер жиі сүрінеді. Сондықтан «кубок қолымызда» деп айтуға болмайды. «Атырауға» қарсы ауыр болмақ. Не дегенмен финал ғой. Тек ойын аяқталған соң кім жеңімпаз екенін білеміз.

- Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Атлантаспен» кездесесіз. Бұл команда туралы не білесіз?

- Бұл матчқа енді-енді дайындала бастадық. Бұған дейін бар ойымыз чемпионат пен кубокта болған. Алдағы күндері қарсыласымыздың ойынын зерттейміз.

- Бұл клуб жайлы бірдеңе білесіз бе?

- Ешқашан естімептім. Тек ғаламторда «Қайрат» жолдастық ойында «Атлантасты» жеңген деген ақпаратты оқығанмын. «Шахтер» де бұл командамен ойнапты.

Естеріңізге сала кетсек, Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Қайрат» - «Атлантас» кездесуі маусымның 29-ы, Алматының Орталық стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер