Велоспорт

«Астана» велошабандозы Италия чемпионы атанды

«Астана» велошабандозы Италия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» велоклубының шабандозы Фабио Ару Италия чемпионатының шосседегі топтық жарысының жеңімпазы атанды.

Топтық жарыста Фабио Аруға «Астананың» тағы бес шабандозы көмектесті. Олар: Дарио Катальдо, Паоло Тиралонго, Морено Мозер, Оскар Гатто және Риккардо Минали.

Екінші орынды Диего Улисси еншілесе, үздік үштікті Ринальдо Ночентини түйіндеді.

Жарысқа Фабио Ару Микеле Скарпониға тиесілі болған жейдемен шықты. Осы жылдың сәуірінде Сьерра-Невададағы жаттығу барысында қос велошабандоз спорттық жейделерімен алмасқан. Фабио Ару жеңісін Скарпониге арнады. Ал Скарпонидің жейдесін спортшының жесірі Микеле Аннаға табыстайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер