Футбол

«Атырау» «Ақтөбенің» жағдайын қиындатты

«Атырау» «Ақтөбенің» жағдайын қиындатты
news-banner7
mobile-news-top

Батысқазақстандық дербе «Атырау» жеңімпаз атанды.

Ел чемпионатының 17-турында «Атырау» мен «Ақтөбе» кездескен. Матчтың соңына таман алаң иелері қос доп соғып, жеңісті жұлып әкетті.

Ойын бойы екі команда алма кезек шабуылдап, кім бірінші гол соқса, сол жеңетіндей әсер қалдырды. Солай болды да. Жанкүйерлерге голды көру үшін ұзақ күтуге тура келді. Ойынынң есебі 80-минутта ғана ашылды. Әуедегі допқа бірінші жеткен Обшивац «мұнайшыларды» алға шығарған.

Төрт минуттан соң, Саят Жұмағали өз айып алаңында ойын тәртібін бұзып, бас қазы пенальти белгіледі. Нүктеге келген Максимович мүлт кетпеді – 2:0. «Атырау» өз алаңында ақтөбелік команданы қапы қалдырды.

Осы матчтан соң «Атырау» 17 ұпаймен жетінші сатыға көтерілді. Ал «Ақтөбенің» жағдайы мәз емес. «Ақ-қызылдар» тоғыз ұпай жинап, соңғы орында тұр. Команда 11-сатыдағы «Шахтерден» төрт ұпайға қалып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер