Футбол

Шахметов «Шахтерге» жеңіс сыйлады

Шахметов «Шахтерге» жеңіс сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда қостанайлық «Тобылдан» басым түсті.

Алаң иелері бірінші болып есеп ашқан еді. 27-минутта Сартаков «Тобыл» сапынан көзге түскен болатын. Бірақ бұл есеп таблода алты минут қана сақталды. 33-минутта Стоянович таразы басын теңестіріп тастады.

Бұл голдан соң таблодағы көрсеткіш ұзақ уақыт бойы өзгерген жоқ. Тек 78-минутта ғана «кеншілер» екінші голын соқты. Марат Шахметов қонақтарға жеңіс сыйлады – 2:1. «Шахтер» ұзақ уақыттан бері алғаш рет қауіпті аймақтан шықты.

Қарағандылықтар 15 ұпаймен 9-шы орынға көтерілді. Ал «Тобыл» 25 ұпаймен 5-сатыда қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер