Ой қорыту
Футбол

Қазақстан Премьер-Лигасының құны қанша?

Қазақстан Премьер-Лигасының құны қанша?
news-banner7
mobile-news-top
Немістің әйгілілі Transfermarkt сайтының мәліметінше Қазақстан Премьер-Лигасындағы командалардың жалпы құны 104 миллион еуродан асып жығылады.
Қазақстан Премьер-Лигасында 12 команда өнер көрсетеді. Тізімді алматылық «Қайрат» (17 500 000 еуро) пен ел чемпиондары «Астана» (14 200 000 еуро) командалары бастап тұр. ҚПЛ-да өнер көрсететін барлық командалардың құны 104 миллион еуроны құрайды.
Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 9 миллион еуроға өскен.
1. «Қайрат» 17 миллион 500 мың еуро
2. «Астана» 14 млн 200 мың еуро
3. «Ордабасы» 11 млн 100 мың еуро
4. «Ақтөбе» 9 млн 200 мың еуро
5. «Тобыл» 8 млн 500 мың еуро
6. «Ертіс» 7 млн 800 мың еуро
7. «Қайсар» 6 млн 550 мың еуро
8. «Тараз» 6 млн 480 мың еуро
9. «Атырау» 6 млн 400 мың еуро
10. «Оқжетпес» 6 млн 250 мың еуро
11. «Шахтер» 5 млн 500 мың еуро
12. «Ақжайық» 4 млн 600 мың еуро
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер