Футбол

Португалия өз тобынан бірінші орынмен шықты

Португалия өз тобынан бірінші орынмен шықты
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Ресейде өтіп жатқан Конфедерация Кубогының А тобындағы командалар топтық кезеңдегі ойындарын аяқтады. Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде Португалия құрамасы Жаңа зеландия елінің командасымен кездесіп, ірі есеппен жеңіске жетті. Осы жеңісінің арқасында Португалия өз тобында бірінші орын иеленді. Ал екінші орынды Ресейді ұтқан Мексика құрамасы еншіледі.

Жаңа Зеландия – Португалия 0:4 (0:2)

Голдар: Роналду 33 (пенальти), Бернарду Силва 37, Андре Силва 80, Нани 90.

Жаңа Зеландия: Маринович, Дюрэнт (Смелц 74), Смит, Дойл, Бокселл, Рохас, Льюис (Барбарусес 65), Томас, Вуд, Ингэм, Макглинчи (Туилома 37).

Португалия: Руй Патрисиу, Пепе, Элизеу, Нелсон Семеду, Алвеш, Бернарду Силва (Пицци 46), Данилу Перейра, Моутинью, Куарежма (Желсон Мартинш 84), Андре Силва, Роналду (Нани 67).

Ескерту алғандар: Льюис 19, Нелсон Семеду 21, Пепе 56, Ингэм 82.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер