Футбол

«PROSPORTS» ұжымы «MuzzOne Сup» жарысының жеңімпазы атанды

«PROSPORTS» ұжымы «MuzzOne Сup» жарысының жеңімпазы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай «MuzzOne» телеарнасының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында мини-футболдан жарыс өтті.

Аталмыш турнирге барлығы 9 ұжым қатысты. Түрлі телеарналар мен журналистика саласында жүрген қызметкерлер «MuzzOne Сup» жарысының Кубогы үшін бақ сынады.

В тобына түскен «PROSPORTS» командасы алғашқы айналымнан сүрінбей өтіп, финалдық кезеңге жолдама алды. Ақтық сында «PROSPORTS» ұжымына «365info» және «Қазақстан» қарсылас атанды. «PROSPORTS» бірінші кездесуінде «365info» командасымен тең түссе, шешуші екінші ойында қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. Осылайша, біздің ұжым «MuzzOne» жарысының Кубогын иеленді.

Сондай-ақ жарысқа қонақ ретінде әртістер арасында әлем чемпионы атанған «Алатау» командасы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер