Ой қорыту
Футбол

Мессидің сіз білмейтін сырлары. І бөлім

Мессидің сіз білмейтін сырлары. І бөлім
news-banner7
mobile-news-top

Футбол тарихындағы үзік футболшылардың бірі…жоқ, үздігі ол – Лионель Месси. Өзінің ойын өрнегімен миллиардты мойындатқан аргентиналық футболшы жайлы сіз қаншалықты білесіз? Жасынан қиындықты көп көрген бала Месси қазіргі «жатпланеталық» футболшыға қалай айналды? Леоның үлкен футболдағы алғашқы қадамдары, алғашқы соққан голы мен алғаш орнатқан рекордтарын бүгінгі материалымыздан оқи аласыз.

Anadolu Agency's Best Pictures of 2016 : News Photo

Лионель Месси 1987 жылы 24 маусым күні Аргентинаның Росарио қаласында өмірге келген. Дәл сол қалада 1928 жылдың 14-ші маусымында даңқты қолбасшы Эрнесто Че Гавара (көтеріліс жасаған) дүние есігін ашқан.

Сонымен қатар, бұл қала Мессиден бөлек футбол әлеміне Анхель Ди Мария, Эзекиель Лавесси, Марко Дельгадо, Эзекиель Гарай, Макси Родригес және Элвер Банега секілді дүниежүзіне танымал футболшыларды сыйлады.

Леоның әкесі Хорхе Месси қарапайым шаруа болатын, ал анасы Селия үй тірлігінен қолы босаған кезде үй тазалаушы болып жұмысын істеген. Хорхе мен Селияның Мессиден бөлек үш баласы бар.

Картинки по запросу Messi as a child

Хорхе Месси зауыттағы жұмысымен қатар футбол жаттықтырушысы қызметін бірге алып жүрген. Ол «Грандоли» атты әуесқой футбол командасын баптаған. Дәл осы ұжымда кішкентай Месси футболдағы алғашқы қадамдарын жасайды. Бес жасында доп тепсе, сегізге келгенде әкесімен бірге 60 шақырым жолды артқа тастап «Ньюэлс Олд Бойз» клубының жаттығуына келетін.

Қызығы бала Месси мектептегі сабағынан қалса да, футбол жаттығуларынан қалып көрген емес. «Егер ұйқым келсе, анама айтып, сабаққа бармайтынмын. Алайда үйдегелір жаттығудан қалуға қатаң тыйым салған еді», — деп есіне алады Месси.

Real Madrid CF v FC Barcelona - Copa del Rey - Semi Final First Leg : News Photo

Қазір Мессидің бойы 169 cантиметр. Ол бала кезде өте кішкентай болған көрінеді. Соған байланысты, дәрігерлер Мессиге бой өсіруге көмектесетін дәрумендер жазып берген. Егер ол дәрігерлердің айтқанын тыңдамай, дәрумендерді қабылдамаған болса, қазір бойы 140 сантимерге де жетпейтін еді.

11 жасында Лео «Ньюзлс Олд Бойз» командасының балалар құрамында жасындай жарқылдаған екен. Тіпті жергілікті гранд клуб «Ривер Плейт» қызығушылық танытқан. Алайда команданың Мессидің еміне қаражаты жеткіліксіз болатын.

Brazil v Argentina - FIFA 2018 World Cup Qualifiers : News Photo

Оңтүстік Америкада болашағынан үлкен үміт күттіретін жас футболшы бар екенін естіген каталондық «Барселонаның» спорттық директоры Карлес Рексач оны қаралымнан өтуге шақырады. Мессидің өнеріне тәнті болған Рексач бірден келісімшарт ұсынған. Ол Леоның еміне ақша бөлумен қоса, отбасын Испанияға көшіріп әкелу туралы ұсыныс жасаған.

Лионель Испан Примерасындағы алғашқы матчын 17 жасында «Эспаньолға» қарсы өткізді. Бұл ең жас дебютанттар тізімінде үшінші көрсеткіш.

«Барселона» сапында Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында Месси донецкілік «Шахтерге» 2:0 есебімен жеңіліп қалды.

Manchester City vs Barcelona - UEFA Champions League : News Photo

2005 жылдың 1 мамыр күні Лео 17 жасында «Альбасете» командасының қақпасына гол соғады. Бұл гол Мессиді Испан Примерасында доп соққан ең жас футболшыға айналдырды. Дегенмен, кейінер дәл Мессидің пасынан соң Боян Кркич қарсылас қақпасын дәл көздеп, гол соққан ең жас футболшы атанды.

Мессидің алғашқы соққан голынан кейін каталондық клубтың басшылығы оған 2014 жылға дейінгі жаңа келісімшартты ұсынды.

Аталмыш маусымда ол Испания біріншілігінде 17 мәрте алаңға шығып, алты мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген. Алайда, сол жылдың көктемінде «Челсиге» қарсы матчта тізесін жарақаттап алды. «Барселона» ішкі чемпионат пен Суперлиганы Леоның көмегінсіз жеңді.

Argentina vs Chile, 2016 Copa America Centenario Final : News Photo

2005 жылы Месси Аргентина құрамасымен Голландия елінде өткен жастар арасындағы Әлем біріншілігінде топ жарды. Лео жарыстың үздік ойыншысы әрі сұрмергені атанды.

Ұлттық құрамадағы алғашқы матчында Месси жанкүйерлердің көңілін қалдырды. 2005 жылы 17 тамыз күні Венгия құрамасына қарсы өткен матчта Лео алаңға тыңнан қосылғанымен, екі минут өтпестен қызыл қағаз алып алаңнан қуылды.

FC Barcelona v RCD Espanyol - La Liga : News Photo

«Аргентина футболында менің орнымды басатын футболшыны көрдім. Оның есімі — Месси», — дейді Диего Марадонна.

2006 жылғы Германия топырағында өткен Әлем біріншілігінде Месси Аргентина футболының тарихында Ұлттық құрама сапында мундиальда өнер көрсеткен ең жас футболшы атанды. Ол Сербия және Черногория құрамасына қарсы матчта алаңға шығып, командасының алтыншы жауапсыз голын соқты.

Оның сол жылы Әлем чемпионатының кубогын көтеремін деген арманын Германия құрамасы тас-талқан етті.

Valladolid v Barcelona : News Photo

2006/07 жылғы маусымның ең есте қаларлық матчы «Барселонаның» бітіспес қарсыласы «Реалға» қарсы кездесу болды. Жарақатынан енді айыққан Месси бұл ойында хет-трик жасады. Матч 3:3 есебімен аяқталды.

Оның бұл «Эль-Классикода» соққан әрбір голы есепті теңестіріп отырды. Ал соңғы добы қосалқы минуттарда соғылған еді. Леоның үш голы оны «Эль-Классико» тарихындағы ең жас сұрмерген атануға жеткілікті еді.

FC Barcelona v RCD Espanyol - La Liga : News Photo

2007 жылы Месси Испания Кубогының жолында «Хетафе» командасына қарсы матчта Марадонның стилінде гол соқты. Лео доппен бірге 62 метр жүгіріп, жолында кездескен қарсыластың алты ойыншысын қапы қалдыра отырып қақпаға допты соқты. Матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында оның командаласы Деку өмірінде көрген ең әдемі гол деп сипаттады.

2007/08 жылғы маусымда Месси 20-жасқа толуына төрт ай қалғанда «Барселона» сапындағы жүзінші кездесуін өткізді.

FBL-ESP-COPA-BARCELONA-MALAGA : News Photo

Сол жылдың көктемінде Лео аяғындағы бұлшық еттердің байланыстырушысының үзілуіне байланысты алты аптаға футболмен қоштасты. Бұл оның осы тектес төртінші жарақаты еді. Кейбір дәрігерлер бұл Мессидің бала кезде қабылдаған дәрілерінің кесірі болуы мүмкін екен деп болжаған болатын.

2008/09 жылғы маусымның басында Месси өзіне 10-шы нөмірді таңдап алды. Бұған дейін бұл сан Роналдиньоға тиесілі болатын.

Аталмыш маусымда Лео барлығы 38 мәрте қарсыласының қақпасынан саңылау таба білген. 35-ші және 36-шы голдарын мадридтік «Реалдың» қақпасына соққан. Матчтың өзі 6:2 есебімен каталондықтардың пайдасына шешілді. Бұл «Реалдың» тарихында өз алаңында жіберген ең көп гол болатын.

Ой қорытқан Айбар Рысдаулет

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер