Спорт жанкүйерлері
Басқа

Ең танымал спорт жанкүйерлері

Ең танымал спорт жанкүйерлері
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін біз әлемдегі ең танымал жанкүйерлермен таныстыруды жөн көрдік.

Диди Зенфт. Германиялық велоспорт жанкүйерлі. Ол El Diablo лақап атымен де танымал. 1993 жылдан бастап ең маңызды жарыстардың бәріне қатысып, қолына айыр ұстаған егде жастағы жастағы жанкүйер барынша белсенді болуға тырысады.

Маноло Эль Бомбо. Барабан ұстаған Испания құрамасының жанкүйері осыған дейін сегіз әлем чемпионатына қатысқан.

Кловис Акоста Фернандес. Бразилия құрамасының жанкүйері. Команданың 150-ден астам ойынына қатысқан. Германиядан ұтылғаннан кейін бүкіл әлемнің назары дәл осы жанкүйерге түскен болатын.

Норберт Штарк. Германиялық биатлон фанаты 1992 жылдан бастап әлем кубогы мен әлем чемпионатының бірде-бір сайысынан қалмаған.

Парамон. Сергей Заборовский, 1967 жылдан бері киевтік «Динамоның» жанкүйері. Еуропа лигасының кезекті матчтарының бірінде төрешінің "артынан" бір тепкенімен танымал.

Томас Балайшис. Литвалық баскетбол жанкүйері. Секла есімімен танымал. Құрама ойындарын жібермейді және өмірінде қырынып көрмеген.

Булли. «Арсеналдың» жанкүйері. 30 жылдан астам уақыт ойындарға қалмай барады.

Жасыл адамдар. «Ванкувер Кэнакс» жанкүйерлері. Қарсыластарға қатысты бейәдеп қылықтарымен танымал.

Моко. 1970 жылдардан бері Гран-при кезеңдерінен қалмай келеді. Оны Экклстоуннан Квятқа дейін таниды. Бір қызығы Моко өзі көлік жүргізе алмайды.

Даррелл Бэйли. «Лос-Анджелес Клипперс» жанкүйері. Бірнеше жыл бұрын клуб басшылығы клуб атын өзінің кхм, никнеймінде қолданбауын талап еткен.

Арриго Броведани. 2012 жылы «Удинезенің» «Сампдориемен» болатын ойынына шыққан жалғыз жанкүйер. БАҚ өкілдері оны сол кезде нағыз қаһарманға балаған болатын.

Барбаш. «Бенфиканың» жанкүйері. 35 жыл ішінде бірде-бір ойынды қалт жібермей, командаға қолдау көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер