Criminals
Футбол

Мессидің қылмыстық ісі бойынша соңғы үкім шықты

Мессидің қылмыстық ісі бойынша соңғы үкім шықты
news-banner7
mobile-news-top

Испанияның мемлекеттік прокуроры «Барселона» клубының футболшысы Лионель Мессиді 21 айға бас бостандығынан айыру үкімін айыппұлға ауыстырды, деп хабарлайды MARCA.

Футболшы мемлекет қазынасына 252 мың еуро, ал оның әкесі - Хорхе Месси 180 мың еуро төлейтін болды.

Мамыр айында Испанияның Жоғарғы соты былтырғы шығарылған (21 айға бас бостандығынан айыру) шешімді өзгертусіз қалдырған. Сонымен қатар, соңғы сот үкімі бойынша Месси 2,1 миллион еуро айыппұл төлеуі тиіс болған. Ал футболшының әкесінің жазасы 21 айдан 15 айға дейін қысқартылған.

Аайта кететін жайт, Испания заңына сәйкес, екі жылға жетпейтін мерзім шартты жазаға ауыстырылуы мүмкін. Сондықтан сотталушылар жазасын түрмеде өтеуге міндетті емес.

Естеріңізге салайық, Сот төрелігі футболшы мен оның әкесі Хорхенің 2007, 2008, 2009 жылдары 4,1 миллион еуро салықты жасырғанын дәлелдеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер