Criminals
Футбол

Роналду салық органдарына 14,7 миллион еуро төлеуден бас тартты

Роналду салық органдарына 14,7 миллион еуро төлеуден бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

«Реалдың» шабуылшсысы Криштиану Роналду 14,7 миллион еуро салық қарызын төлегісі келмейтін көрінеді. Бұл жайлы испаниялық Marca 22-ші маусымда хабарлады.

Роналдудың айтуынша, ол кінәлі емес және тергеу органдарының тағып отырған айыбымен мүлдем келіспейді.

Айта кететін жайт, 21-ші маусым күні әлемнің үздік футболшысы испаниялық салық органдарына 14,7 миллион еуро төлесе, екі жылға шартты түрде жазаланатыны айтылған. Ал егер де футболшы төлеуден бас тартса, абақттыға алты жылға дейін қамалуы ықтимал. Роналдудың кезекті сот процессі 31-ші шілде күні Мадридтің Посуэло де Аларкон сотынд өтеді. Басталуы сағат 11:00-де.

Естеріңізге салайық, 13-ші маусым күні Испания прокуратурасы Роналдудың үстінен 14,7 миллион еуро табыс жасырғаны мен салық төлемегені үшін қылмыстық іс қозғаған. Бақылаушы ведомствасы да танымал футболшының шын табысын жасырғанын айқын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер