Командалық

Алматыда регбиден төртінші Жастар ойындары өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Алып шаһарда маусым айының 24-і мен 25-і күндері «ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры - Ұлт көшбасшысы» стадионында 1997-1999 жылдар туылған жасөспірімдер мен қыздар арасында регбиден жастар ойындары өтеді.

Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 10 ерлер командасы мен 8 қыздар құрамасы өзара мықтыны анықтайды.

Еске сала кетсек, сәуірдің 5-нен маусымның 31-не дейін еліміздің түкпір-түкіпірінде төртінші жастар ойындарының шешуші кезеңінде спортшылар жазғы спорттың 35 түрінен өзара мықтыны анықтайды.

Спорттық шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан тұрғындарын күнделікті спорт пен дене шынықтырумен айналысуға қызықтыру, жазғы спорт түрлерінен үздік спортшыларды анықтау, үздік регбишілерді еліміздің құрама командаларына іріктеу, оларды 2017 жылы Индонезияда өтетін Азия ойындары және 2018 жылы Аргентина астанасы Буэнос-Айресте жалауы желбірейтін жазғы жасөспірімдерге арналған Олимпиада ойындарына дайындау.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер спорттың барлық түрлерінен диплом, медаль және кубоктармен марапатталады

Айта кетер жайт, төртінші Жастар ойындарының салтанатты жабылу рәсімі шілденің 1-і күні Ақтөбеде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер