Командалық

Алматыда гандболдан Қазақстан чемпионатының шешуші кезеңі басталды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Достық» спорт кешенінде гандболдан әйелдер арасында 25-ші ел бірінішілігінің Play-off кезеңінің алғашқы кездесулері өтті.

Бірінші ойында Алматы гандболшылары мен қызылордалық «Қайсар КАМ» кездесті. Ойынның алғашқы сәттерінен-ақ, екі команда да ерекше сенімділікпен бастады. Олар бірінен соң бірі қақпаға доп соғумен болды. Матчтың бірінші жартысы алматылықтардың басымдылығымен аяқталды, есеп 12:11. Ойынның екінші жартысы қызылордалық гандболшылардың шабуылымен басталды. Олар екінші таймда алматылықтардан басым түсіп, ойынның соңына дейін «Қайсар КАМ» гандболшылары қарсыластардың қақпасына доп соғумен болды. Өкінішке орай, бүгінгі ойын алматылықтар үшін 27:19 есебімен сәтсіз аяқталды.

- Барлық жанкүйерлерді Play-off кезеңінің басталуымен құттықтаймын. Бірінші ойын өте қиын өтті, әсіресе, біз үшін. Бірақ бізде барлығы алда. Плей-офф екі жеңіске дейін ойнатылады. Финалға шығу үшін қолдан келгенін жасаймыз. Бірінші таймда қыздар керемет ойнады. Барлығын дұрыс орындап шықты. Ертеңгі кездесуде жеңіске жетеміз деген ойдамын, - деп «Алматы» командасының бас жаттықтырушысы Арсен Бердібеков өз ойымен бөлісті.

Алматылықтар үшін ойын сәтсіз аяқталғанымен, олардың берілмей, соңына дейін бәстескендігін, ойынның қызықты да тартысты өткендігін бүгінгі күннің жеңімпазы «Қайсар КАМ» гандболшысы Наталья Ильина атап өтті:

- Ойын барлығымыз үшін қиын болды, жеңіс оңай берілген жоқ. Қарсыластар тарапынан қысым соңына дейін болды. Бірінші таймды алматылықтар жүргізсе, екіншісінде біз басымдылық таныттық. Менің ойымша, жеңілген ұжым жоқ, жақсы кездесу өтті.
Айта кететін болсақ, бүгін Достық алаңында "Іле" Алматы облысы және "Алтай" ШҚО командалары да кездесті. Матч "Іле" ұжымының жеңісімен аяқталды, есеп 35:32.

Айтулы доданың басты мақсаты – қала тұрғындары арасында гандболды елге таныту, оны дамытып, наисхаттау, сонымен қатар, спортшылардың шеберліктерін арттырып, үздіктерін анықтау.

Әйелдер арасындағы 25-ші ел бірінішілігінің Play-off кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері маусымның 28-і күні белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер