Басқа

Арман Оспанов: Келесі жекпе-жегімді Қазақстанда өткіземін

Арман Оспанов: Келесі жекпе-жегімді Қазақстанда өткіземін
news-banner7
mobile-news-top

Әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы, үш мәрте әлем кубогының иегері және бразилиялық джиу-джитсудан екі дүркін Азия чемпионы Арман Оспанов шеберлік-дәрісін өткізді.

Сонымен қатар, аталмыш шараға Орынбор қаласы (Ресей) «Новый Поток» клубының өкілі, М-1 Global чемпиондық белбеуін иеленген тұңғыш этникалық қазақ Дамир Ысмағұлов қатысты.

Арман Оспанов аралас жекпе-жекте сегіз айқас өткізіп, оның барлығында басымдықпен жеңген. АҚШ-та атақты Грэга Джексонның қол астында жаттығады. Арман ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы. «Alash Pride» кәсіпқой клубының өкілі Арман Оспанов, ACB ұйымның жартылай жеңіл салмақтағы дивизонында өткізген соңғы жекпе-жегінде, жапониялық Таичи Накажиманы нокаутпен ұтқан болатын.

- Оразаның алғашқы күні елге аман-есен оралдық. Шымкент қаласында біраз демалғаннан соң, Алматыға келдім. Күні кеше «Alash Pride» клубының ұйымдастыруымен ауызашарға қатысып, енді міне шеберлік-дәрісін өткізгелі жатырмыз. Дәрістің мақсаты – артымыздан еріп келе жатқан жас буынға, жасөспірімдерге білгенімізгі үйретіп, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау. Спортқа деген құлшынысын арттырып, еліне деген патриоттық сезімді ояту.

- Сіз PROSPORTS-қа берген сұхбатыңызда, келісімшарт бойынша Қазақстанда бір жекпе-жек және одан бөлек екі жекпе-жек өткіземін деген едіңіз. Осы кездесулерден соң сізді UFC-ден көре аламыз ба?

- Әрине, көріп қалуларыңыз мүмкін. АСВ ұйымымен үш жылдық келісімшартым бар. Сол мерзім ішінде үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмыз. Екінші кездесуімді Қазақстанда өткізсем деген ойым бар. Менеджерлермен ақылдасып, UFC тұжырымына ауысу алдағы уақытта белгілі болады.

- Қайрат Ахметов жекпе-жек өткізгелі жатыр. Сіздің бұл кездесуге болжамыңыз қандай?

- Қайрат бауырымыз белбеу жеңіп алғаннан кейін бір жарым жылдай кездесу өткізген жоқ. Қазіргі уақытта ол тыңғылықты дайындықтың үстінде. Бұйыртса, Индонезияға ұшып, «Alash Pride» командасы ретінде оған қолдау көрсетеміз. Бауырымыз, жеңіске жетеді деген ойдамын.

- Сіз онымен жақын араласасыз. Қазіргі физикалық әлеуеті жайлы жақсы білетін шығарсыз. Өзіңізден алып-қосатын кеңесіңіз бар ма?

- Қайрат – физикалық жағынан мығым. Грек-рим күресінен шыққан себепті жақсы күреседі. Белбеуді қорғағанда 57 келіде шыққан еді, алдағы жекпе-жекте 61 келі салмақта өнер көрсетеді. Жаңа салмақта физикалық тұрғыдан қатты дайындалу қажет. Дегенмен, оның жекпе-жекте жеңіске жетемін деген ниеті мықты.

- Барша қазақ баласын алаңдатқан сұрақ. Сізді UFC-дан қашан көреміз және соған нақты қадамдар қашан жасалады?

- Түкпілікті осы UFC-ге келе жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, АҚШ-та жекпе-жек өткізуіміз қажет еді. Алайда белгілі бір себептерге байланысты бұл кездесу өтпей қалды. Егер аталмыш жекпе-жекті өткенде UFC-ге бір қадам жақындайтын едім. Менеджерімнің айтуынша, АСВ-де екі жекпе-жек өткізгеннен соң міндетті түрде UFC-ге ауысамыз.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер