Бокс

GGG: Канеломен жекпе-жектен соң мансабымды аяқтауым мүмкін

GGG: Канеломен жекпе-жектен соң мансабымды аяқтауым мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің болашағына қатысты әлі нақты шешім қабылдамаған.

Головкиннің айтуынша, Сауль Альвареске қарсы кездесу оның мансабындағы соңғы жекпе-жек болуы мүмкін.

«Осы жекпе-жектен соң мансабымды аяқтауым мүмкін. Аяқтамауым да ықтимал. Өзімді жақсы сезінемін. Жасым 35-те, бірақ 25 жастағы адамдай сезінемін. Бірақ бұл футбол емес, бокс. Жәй ғана ойын емес, нағыз айқас және әр айқас өте ауыр», - деді Головкин BoxingScene-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер