Бокс

Головкин: Рефери Уорд – Ковалев жекпе-жегін ерте тоқтатты

Головкин: Рефери Уорд – Ковалев жекпе-жегін ерте тоқтатты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Андре Уорд пен ресейлік Сергей Ковалев жекпе-жегі жайлы ойын айтты.

«Жекпе-жекті көрдім. Бірақ кездесуді тоқтатып тастауға әлі ерте болатын. Білмеймін, рингте төреші басшы ғой. Төреші шамалы уақыт бергені дұрыс сияқты. Ал жекпе-жекті екінші нокдаунда тоқтатуға болатын еді. Ковалевке мүмкіндік беру керек болатын. Андре Уорд жақсы өнер көрсетті, Ковалевтен айқын басым болды. Ковалев болса, рухани чемпион жігіт. Бірақ чемпиондар рингте тізерлеп қалмайды. Себебі жекпе-жектің әр секундында бәрі өзгеріп кетуі мүмкін. Келесі сәтте не келесі раундта бәрі өзгеруі ықтимал. Чемпиондық кездесу үшін рефери жекпе-жекті ерте тоқтатып тастады. Чемпиондық жекпе-жектерде екі-үш нокдаун деген қалыпты жағдай», - деді Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, Уорд – Ковалев жекпе-жегінің сегізінші раундында ресейлік нокдаун алып, рефери кездесуді тоқтатып тастаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер