Басқа

Ахметов пен Мораес реванш өткізеді

Ахметов пен Мораес реванш өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

2017 жылы 29 шілдеде Индонезияның Сурабая қаласында Қайрат «Қазақ» Ахметов (23-0 ММА) бразилиялық Адриано «Қара алмаз» Мораеске (15-2 ММА) қарсы реванш өткізеді.

Бұл жекпе-жек жеңіл салмақта болады. Әлі еңіліп көрмеген Alash Pride FC өкілі Қайрат Ахметов қазіргі таңда ONE FC-дің əлем чемпионы деген атаққа ие және осы титулын қорғайды.

Ал Адриано Мораес ONE FC промоушеніндегі басты жұлдыздардың бірі.

Қос қарсыластың алғашқы жекпе-жегі 2015 жылдың қарашасында өткен еді. Сол кезде Қайрат Ахметов жеңіске жетіп, ONE FC тұжырымының əлем чемпионы атағын иеленген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер