Бокс

Боксшы Димаш Ниязов Астанада жекпе-жек өткізеді

Боксшы Димаш Ниязов Астанада жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Кәсіпқой бокста бірде-бір жеңіліс көрмеген жерлесіміз Димаш Ниязов Астанада алғашқы кездесуін өткізеді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Халықаралық ЕХРО көрмесі аясында өтетін кеш оған жақсы мүмкіндік ұсынып отыр. Біреу білсе, біреу білмес, дәл осы Димаш Ниязов Нью-Йорктің қазақ полициясы деген атпен кеңінен танымал.

Мұхиттың арғы жағында тұратын жерлесіміз Димаш Ниязов кәсіпқой рингте 11 кездесу өткізіп үлгерді және барлығында жеңіске жетті. Әсіресе Детройтта болған жекпе-жек көпшіліктің есінде ерекше сақталып қалды. Өйткені ол доминикандық қарсыласын 5-раундта жойқын соққысымен нокаутқа жіберді.

- Бокспен ең алғаш Қазақстанда айналыса бастадым. Бапкерім Нұрғали Сафиуллин болатын. Қазір ол олимпиадалық құраманы дайындайды. Міне, сол іргетастың арқасында бокс әлеміне жақсылап сіңісе алдым. Қазіргі жеңістерімнің барлығын қазақстандық мектеппен және қанда бар қасиетімізбен байланыстырамын. Астанадағы кездесу қыркүйек айында өтеді. Қанат Исламның бокс кешінде мен де өнер көрсететін болдым. Өте қуаныштымын. Қазір елорда қатты өзгерген. Халықаралық ЕХРО көрмесі өтіп жатыр. Міне, осының аясында мен де қарсыласымды жеңіп, халқыма ерекше әсер сыйлағым келеді, - деді Димаш Ниязов.

Айта кетейік, Димаш Ниязов Нью-Йоркте тәртіп сақшысы қызметін атқарады және жай ғана полицей емес, бейбіт заманның батыры. Бірнеше рет қауіпті қылмыскерлердің жолын кесіп, арнайы марапат алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер