Футбол

«Астана» ЕУРО-2016 қатысушысын қатарына қосты

«Астана» ЕУРО-2016 қатысушысын қатарына қосты
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Астана» футбол клубы Венгрия құрамасының тірек жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслермен еңбек келісімшартына қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

23-жастағы ойыншы осыған дейін венгриялық «Академия Пушкаша», «Видеотон» және «Ференцварош», германиялық «Вердер» және «Дармштадт 98» командалары сапында өнер көрсеткен.

«Астана» командасы Кляйнхайслерді немістің «Вердер» командасынан бір жылға жалға алды.

Ласло өз кезегінде Венгрия жасөспірімдер және жастар құрамасында өнер көрсеткен. Ал Венгрия Ұлттық құрамасы сапында Кляйнхайслер 13 ойын өткізген. Соңғы екі ойынын 2016 жылғы Францияда өткен Европа Чемпионатының финалдық кезеңінде өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер