Басқа

Алматыда Арман Оспановтың шеберлік-дәрісі өтеді

Алматыда Арман Оспановтың шеберлік-дәрісі өтеді
news-banner7
mobile-news-top

2017 жылы 21 маусымда, сағат 17:00-де Almaty Fight Academy спорт кешенінде (мекен-жайы: Абылайхан көш. 3, АЛТЫН ТАРАЗ СО, төменгі қабат) Alash Pride FC кәсіпқой клубы, әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы, әскери самбодан үш мәрте әлем кубогінің иегері және бразилдік джиу-джитсудан екі дүркін Азия чемпионы, Арман Оспановтың шеберлік-дәрісін ұйымдастырады. Сонымен қатар, бұл шараға Оренбург қ. (Ресей) «Новый Поток» клубының өкілі, М-1 Global чемпиондық белбеуін иеленген тұңғыш этникалық қазақ Дамир Ысмағұлов та қатысады.

Арман Оспанов аралас жекпе-жекте сегіз айқас өткізіп, оның барлығында басымдықпен жеңген. АҚШ-та атақты Грэга Джексонның қол астында жаттығады. Арман ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы. Alash Pride FC кәсіпқой клубының өкілі Арман Оспанов, ACB ұйымның жартылай жеңіл салмақтағы дивизонында өткізген соңғы жекпе-жегінде, жапониялық Таичи Накажиманы нокаутпен ұтқан болатын.

Халықаралық деңгейдегі ММА өкілдерінен эксклюзивті шеберлік-дәрісін алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Кіру тегін!


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер