Бокс

Альварес: Қыркүйекте Головкинді нокаутқа жіберемін

Альварес: Қыркүйекте Головкинді нокаутқа жіберемін
news-banner7
mobile-news-top

Өткен дүйсенбіде орта салмақтағы (72 келі) әлем чемпионы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес Лондонда баспасөз-мәслихатын өткізді.

«Мен өте қобалжып тұрмын. Қыркүйекте біз өзге деңгейдегі «Big Drama Show» көрсетеміз. Бокс әлемі осы кездесуді асыға күтті. Екеуміз жұдырықтасатынымызға қуаныштымын. Бұл - менің мансабымдағы ең маңызды кездесу. Канелоға сәттілік тілеймін», - деді GGG.

Golden Boy Promotions басшысы Оскар Де Ла Хойя қол астындағы боксшы Сауль Альварестің қазақстандықты ұта алатынына сенімді.

«Альварес пен Головкин - ауыр соққыға ие ең қызуқанды боксшылар. Екеуі де керемет техникаға ие және осы үшін оларды бәрі жақсы көреді. «Канело» ешкімнен қорықпайды және ол бұны қыркүйекте дәлелдемек», - деді промоутер.

«Мен ешқашан ешкімнен қорыққан емеспін. Себебі мен 16 жасымнан бастап кәсіпқойлармен жұдырықтасып жүрмін. Мен туғанда қорқыныш сезімі жоғалған. Осы кездесуде мен өзімнің қуатымды көрсете алатыныма сенімдімін. Головкиннің қаншалықты қауіпті екенін білемін және мен оны құрметтеймін. 16-шы қыркүйекте Генаны нокаутқа жіберемін», - деді Альварес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер