Бокс

Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық атағынан айырылды

Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық атағынан айырылды
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы қазақстандық Бейбіт Шүменовты WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атақтан айырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Шуменов WBA президенті Хильберто Мендосеге спорттық мансабын аяқтайтынын хабарлады», - деп жазды TalkSport.com журналының тілшісі Майкл Бенсон өзінің твиттерінде.

Бейбіт Шүменовқа тиесілі болған титул ендігі кезекте Юниер Дортикосқа ауысты. Айта кетейік Шүменов осы жылдың сәуірінде дәл осы кубалық боксшымен кездесуі тиіс болатын. Алайда кездесу қазақстандықтың жарақатына байланысты өтпей қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер