Әлем футболы
Футбол

Роналду салық төлемегені үшін "Реалдан" кетпекші

Роналду салық төлемегені үшін "Реалдан" кетпекші
news-banner7
mobile-news-top

Криштиану Роналду салық төлеуден жалтарғаны үшін "Реалдан" кетпекші. Басқа клубқа ауысу-ауыспауы турасындағы мәселе Конфедерация Кубогынан кейін шешіледі деп хабарлайды португалиялық газет A Bola.

Сонымен салық мәселесі...

Испанияның салық басқармасы 2009 жылдан бері «Реалда» ойнап келе жатқан футболшының 2011-2014 жылдар аралығында сегіз миллион еуро салық төлемей келгені туралы дәлелдері бар екендігіне айтқан болатын. Сонымен Роналду 2,1 миллион еуро көлемінде айыппұл төлеуі керек.

Бұған дейін Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Мессиге де салықтан жалтарды деп айып тағылып, 21 ай бас бостандығынан айыру туралы үкім шығып, бірақ та 10 миллион еуро төлеп айыптан құтылғаны туралы испаниялық БАҚ өкілдері жазған болатын.

Роналду трансфері қаншаға бағаланбақшы?...

32 жаста болғанына қарамастан, Роналдудың "бағасы" қашан да жоғары. Transfermarkt бағалауынша, Криштианудың орташа трансфері - 100 млн еуро. CIES Football Observatory бағамы бойынша, трансфер 112,4 млн еуроны құрайды.

Ал, МЮ болса бұрынғы футболшыны қайтару үшін 200 миллион еуро жұмсауға дайын. La Gazzetta dello Sport Роналдуды 400 миллион еуроға бағалайды.

2021 жылға дейін ойнайтын футболшыны португалиялық газет A Bola 180 миллион еуроға "Монако", "ПСЖ"-ға сатылуы мүмкін екенін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер