Criminals
Бокс

Ауыр салмақтағы әлем чемпионы марихуанамен ұсталды

Ауыр салмақтағы әлем чемпионы марихуанамен ұсталды
news-banner7
mobile-news-top

WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Деонтей Уайлдер Таскалуса қаласында қамауға алынды. Полицейлер америкалық боксшының автокөлігінен марихуана тапқан.

Заң сақшылары оның автокөлігін жол жүру ережелерін бұзғаны үшін тоқтатып, құжаттарын тексерген. Тексеріс барысында полиция офицері Уайлдердің автокөлігінің ішінен есірткі тапқан. Деонатей Уайлдер сол жерде тұтқындалып кейін мың доллар ақша кепілдікке беріп бостандыққа шыққан. Сонымен қатар, спортшыға сотқа шақырту берілген.

«Уайлдердің есірткіге қатысы жоқ және оның автокөлігін танысы жүргізген. Есірткіні сол танысы қолданған», - деді боксшының қорғаушысы

2013 жылдың мамыр айында Уайлдер бейтаныс әйелге физикалық күш көрсеткені үшін қамауға алынған. Алайда сол кезде де әлем чемпионы жазадан құтылып кеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер