Жекпе-жек
Бокс

Шәріпова: UFC? Алдымен бокстан әлем чемпионы болып алайын

Шәріпова: UFC? Алдымен бокстан әлем чемпионы болып алайын
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова Prosports.kz тілшісіне ММА-ге ауысуы қаншалықты мүмкін екенін айтып берді.

- UFC-ге ауысуым мүмкін бе? Жоқ. Алдымен бокстан әлем чемпионы болып алайын. Сосын көре жатармыз. Негізі бокстан өзге ережесіз жекпе-жекті де жақсы көремін, - деді Шәріпова.

Естеріңізге сала кетсек, Фируза кәсіпқой бокста бес кездесу өткізіп, төртеуінде жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, жерлесіміз 6-шы шілде күні Магнитогорск қаласында WBC International чемпиондық белбеуі үшін тартысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер