Күрес

Санжар Темірбек өзбек балуанын тізе бүктірді

Санжар Темірбек өзбек балуанын тізе бүктірді
news-banner7
mobile-news-top

Тайпейдің Тайчунг қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.

84 келіде белдесетін балуанымыз Санжар Темірбек өзбек спортшысын ойсырата ұтты. Жерлесіміз бірінші кезеңде 2:3 есебімен жеңіліп жатып, қарсыласын бір минутқа жеткізбей тізе бүктірді. Кездесуін уақытынан ерте аяқтаған жерлесіміз Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Санжар ирандық балуаннан 0:6 есебімен ұтылған.

Естеріңізге алайық, бұған 55 келіде ел намысын қорғап жүрген Ернұр Фидахметов үшінші орын алса, Ернар Фидахметов (60 кг) үшінші орын үшін белдесуде қытайлық балуаннан 7:5 есебімен жеңіліп қалды. Ал 66 келіде ел намысын қорғап жүрген Мерей Бекенов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер