Футзал

Еуропа чемпионатында жерлестеріміз Ресейден ұтылды

Еуропа чемпионатында жерлестеріміз Ресейден ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Чехияның Брно қаласында шағын-футболдан әуесқойлар арасында Еуропа чемпионаты өтуде. Аталмыш жарыста ел намысын қорғаған астаналық «Сайран» командасы 1/16 финалдан сүрінді.

Топтық кезеңде жерлестеріміз Португалия командасын 3:0 есебімен тізе бүктірсе, Грекия құрамасымен тең ойнады. Әуесқойшыларымыз топтық ойындардың соңғы кездесуін осы турнирдің бес дүркін жеңімпазы Румыния командасымен күш сынасып, 3:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл жеңіліске қарамастан отандастарымыз жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алған еді.

Қазақстан құрамасы 1/16 финалда көрші Ресей құрамасымен тартысқа түсті. Матчтың негізгі уақытында қос команда 1:1 есебімен тең ойнап, пенальтиге дейін барды. Өкіншке қарай, пенальти соққыларының қорытындысы бойынша «Сайран» командасы ресейліктерден 3:2 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.

Естеріңізге салайық, былтыр осы дүбірлі додада астаналық «Есіл» командасы ел намысын абыроймен қорғап, Еуропа чемпионы атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер