Футзал

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
news-banner7
mobile-news-top

Чехияның Брно қаласында шағын-футболдан әуесқойлар арасында Еуропа чемпионаты өтуде. Аталмыш жарыста ел намысын астаналық «Сайран» командасы қорғауда.

Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Португалия командасын 3:0 есебімен тізе бүктірсе, екінші кездесуінде Грекия құрамасымен тең ойнады. Ал топтық кезеңнің соңғы ойынын жерлестеріміз осы турнирдің бес дүркін жеңімпазы Румыния командасымен күш сынасты. Өкінішке қарай, осы жолы әуесқой футболшыларымыз азулы қарсыласынан 3:2 есебімен ұтылып қалды. Алайда жеңіліске қарамастан отандастарымыз жарыстың плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасының 1/8 финалдағы қарсыласы белгісіз.

Естеріңізге салайық, былтыр осы дүбірлі додада астаналық «Есіл» командасы ел намысын абыроймен қорғап, Еуропа чемпионы атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер