Бокс

Фируза Шәріпова жеңілмеген ресейлік боксшымен күш сынасады

Фируза Шәріпова жеңілмеген ресейлік боксшымен күш сынасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпованың кезекті қарсыласы анықталды.

Бұл жайлы ресейлік AllFight.ru сайты хабарлады.

Шәріпова өзінің келесі кездесуін 6 шілде күні Магнитогорскіде өткізеді. Оның қарсыласы жеңілістің дәмін татпаған ресейлік Юлия Куценко болмақ. Қос боксшы екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBC International белбеуі үшін тартысқа түседі. Юлия кәсіпқой рингте сегіз кездесу өткізіп, жетеуінде жеңіске жеткен. Ал бір жекпе-жегін тең аяқтаған. Ол танымал BoxRec сайтының нұсқауы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы Ресейдің ең мықты боксшысы болып тұр.

Естеріңізге салайық, Фируза соңғы жекпе-жегінде Shamo Boxing Promotions проумоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінде ресейлік Ольга Забавинаны техникалық нокаутпен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер