Criminals
Футбол

Алматыда даниялық футболшының бас киімін «қағып» кетті

Алматыда даниялық футболшының бас киімін «қағып» кетті
news-banner7
mobile-news-top

10-шы маусым күні Қазақстан құрамасы Дания командасымен кездесіп, жеңіліс тапқан еді.

Кездесу аяқталған соң Дания құрамасы мен испаниялық «Сельта» клубының жартылай қорғаушысы Пионе Систоның бас киімін белгісіз жанкүйер ұрлап кетті. Футболшыға бас киімі сол күйі қайтарылмады. Ал кейін Систоға қазақтың ою-өрнектері бар басқа бас киім табысталды. Алайда даниялық футболшы өзіне қалдырмай, алматылық жанкүйерлерге сыйға тартты.

Жалпы оқиға күні даниялық футболшылардың көңіл-күйі жақсы болды. Олар ӘЧ-2018 Іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасын сырт алаңда 1:3 есебімен ұтып, үш ұпайды еншілеп қайтты. Айта кетейік, кездесудің 43-ші миутында Бауыржан Исламхан қызыл қағаз алып, Қазақстан командасын он адаммен қалдырған болатын.

Естеріңізге салайық, бұған дейін ҚПЛ-ның «Атырау» - «Қайрат» кездесуінен кейін белгісіз жанкүйер алматылық клубтың шабуылшысы Жерар Гоудың бас киімін ұрлап кеткен болатын. Ал кейін prosports.kz ұжымы футболшыға дәл сондай бас киімін сыйға тартқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер