БАҚ арасындағы қала чемпионаты аяқталды

БАҚ арасындағы  қала чемпионаты аяқталды

Алматыда БАҚ өкілдері арасында өткен қала чемпионаты аяқталды.

Кеше, 10-шы маусымда, командаларды марапаттау рәсімі өтті. «Ухо&Медведь» караоке-барында чемпионаттағы үздіктер мен жүлдегерлер марапатталды. Өзара кім мықтыны анықтаған 7 команда айналым бойынша сынға түскен болатын. Осы маусымда барлық ойынын жеңіспен аяқтаған Prosports.kz командасы чемпион атанды. Екінші орынды 365info мен Effective Media Liaison командалары бөліп алды, ал үшінші орынға <span>«Алматы-2» командасы тұрақтады.</span>

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, медаль және Wembley дүкені ұсынған сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, чемпионаттың үздік ойыншылары да марапатталды. <span>Prosports.kz ойыншысы Олжас Оқас үздік ойыншы атанса, Дулат Кәрібаев үздік сұрмерген атанды. Илья Ким (365info) үздік қақпашы номинациясын жеңіп алды.  </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или