Басқа

Алматыда өткен аула командаларының жарысына 600 бала қатысты

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда «Нархоз» университетінің футбол алаңында «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында футболдан аула командаларының кезекті кездесулері өз мәресіне жетті.

Шараға қатысушылар саны 600 баланы құрады. Жарыста танымал ресейлік және англиялық клубтардың атаулары бар командалар да кездесті. 8-14 жас аралығындағы «А» Лигасының 68 ұжымның ішінен «Ростов» командасы алтынан алқа тақса, «Орда» құрамасы күміс орынды қанағат тұтты. Ал «Фонтом» ойыншылары қола медальды жеңіп алды..

«Ғажаптар болады. Біз «Ростов» командасы бұдан да көп жеңістерге қол жеткізгіміз келеді. Бұл жылы Құрбан Бердыев жаттықтырған ұжым жарқын маусым өткізді. Сол сияқты біз де бұл жерде өнерімізді паш етпекпіз. Барлық қарсыластар мықты болды. Алайда біз дегенімізге жеттік», - деді «Ростов» командасының ойыншысы Марғұлан Бекмахан

Айта кететін жайт, екі күн бойы, жетінші футбол лигасында жоғарғы деңгейдегі төрешілер төрелік етті. Олардың ішінде Қазақстан премьер-лигасында тәжірибиесі бар Серік Қошқаров та болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Естеріңізге салайық, шағын футболдан турнирлер Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, жастар мен өзге жас санаттындағы қала тұрғындарын күнделікті дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қызықтыру, жаппай спорт түрлерінің бірі футболды мегаполисте насихаттау, сондай-ақ, денсаулықты нығайту үшін қолжетімді әдісті таңдауға көмектесу мақсатында өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер