Басқа

Алматыда кезекті бұқаралық велошеру өтеді

news-banner7
mobile-news-top

«Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында кезекті велошеру өтеді. Аталмыш шара 11-ші маусым күніне белгіленген.

Белсенді тынығу сүйер қауым жетінші мәрте сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығының маңында жиналып, ұйымдастырушылар атынан сөре нөмірлерімен, бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысуға мүмкіндік алады. Содан соң, велошеру қатысушылары кішкене шынығып, сағат 09:00-да жаарыс жолына шығады.

Осы жолы, жарыс жолы 9 шақырымды құрамақ. Велошеру қатысушылары Әл-Фараби даңғылынан ҚР бірінші президенті саябағының жанында мәреге жетеді. Мәреде, қатысушылар бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатыса алады. Әдеттегідей, спортшылардың бірі басты сый – велосипедтің иегері атанады.

Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқамасы қауіпсіздік мақсатында шараға қатысушыларға міндетті талаптар қойды. Соның бірі – қорғаныш шлемін кию.

Айта кетейік, осы велошеру «Спорттық Алматы» жобасының қолдауымен осымен жетінші мәрте өткізіледі, жалпы осы жылы 21 велошеру жоспарланған. Бағдарлама Алматыда бұқаралық спорттың дамуына, белсенді спорттық тынығуды елге танытуға бағытталған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер