Criminals

«Олимп» сотпен ауыз жаласқан ба?

«Олимп» сотпен ауыз жаласқан ба?
news-banner7
mobile-news-top

Олжас Амантаев «Олимп» шыңын бағындыра алмады. Ал оның бірінші инстанциялық сот шешімін өзгерту нәтижесін бермеді. Олжастың талап еткен 8 миллионнан астам теңгесі «Олимп» букмекерлік кеңсесінде қалатын болды.

Алматы қаласының аппеляциялық коллегиясының қаулысы:

«2017 жылдың 6-шы ақпанындағы Алматы қаласының №2 Әуэзов аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырамыз, талап қоюшы Амантаевтың апелляциялық шағымын қанағаттандырылмайды», - деп сот қаулысын жария етті коллегия басшысы Мәжит Мұхатов.

Сот процессінің басталуына бірнеше сағаттар қалғанда адвокаттың сұранысына Ресей футбол Премьер-Лигасынан ресми жауап келді.

«2016 жылдың 30-шы қазан айында Ресей чемпионатының «Урал» мен «Терек» командалары арасында 16-17 жылғы маусымның 12-ші тур ойындары өтті. Бұл ойын 1:4 есебімен «Терек» командасының пайдасына аяқталды. Кездесудің нәтижесіне шағым түскен жоқ және талқыға салынбайды», - делінген «дәлелдеме» хатта.

Бұл дау дамайдың басы ашылып, соңы көрінгендей еді. Алайда аппеляциялық шағымды қарастыру кезінде тағы бір құпия оқиғаның алды ашылды.

«Олимп» ісінде басынан бір шикілік бары анық еді. Арызданушының қорғаушысы Жанна Уразбахованың айтуынша, біреу оның атынан сот канцеляриясына шағымды қайта қайтару жайлы өтініш жазбақ болған, өтінішке қол да қойылған. Бастысы құжатта қалалық соттың штампы да тұр. Апплеляциялық шағымның отырысында сотқа қатысы жоқ адамдар көп болды. Қонақтар есімі сотта аталмады. Сот процессінде адвокат Амантаев соңында дейін баратынын айтты. Ол Жоғарғы сотқа бет бұрып, кассациялық соттың көмегіне жүгінбекші.

«Негізі заңнамалардың иерархиясы бар. Ал кез келген ішкі ережелер заңнан төмен тұрады. Аталмыш іс Азаматтық кодекстің 913-ші бабына «лоторея, тотализатор және басқа да ойындар өткізу ерекшеліктері» сәйкес қарастырылуы тиіс.Букмекерлік кеңсенің бұл бәсті келісімді деуі негісіз. Себебі ресейлік футбол жүйеге келтірушілері ойынды заңды деп мойындады. Турнир кестесіндегі нәтижелер де осы күйінде қалды», - деді шағымданушының қорғаушысы.

Ал букмекерлік кеңсесінің өкілі Никита Каплинолардың ресми сайтында тұрған «Олимпте ойын ойнау ережесіне» сүйенуде:

«Букмекерлік кеңсе ставкаларды (немесе олардың бөлігін) жарамсыз деп жариялауға (бұл жағдайда төлем «1» коэффицентімен жүргізіледі) немесе мынадай жағдайлар пайда болған кезде талқылаулар (оның ішінде сот) аяқталғанға дейін төлемді тоқтата тұруға құқылы:

Букмекерлік кеңседе нақты спорт оқиғасы келісімді болған деген күдік туған жағдайда. Бұл күдік Букмекерлік кеңседе кез келген (немесе барлық) бәс қабылдау жолдары арқылы қабылданған бәстердің мөлшері, көлемі немесе тәртібінде негізделген болуы мүмкін (бұл шарт 12.08.2016 заңды күшіне енгізіледі)», - деп келтірді сөзін sрutnik.news.

Естеріңізге салайық, Алматылық Олжас Амантаев «Теректің» жеңісіне 5 миллион 850 мың теңге қойған. Грозныйлық команда жеңіске жеткен соң оған 8 миллион 307 мың теңгені бермей, тек бәс тіккен ақшасын қайтарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер