Велоспорт

«Джиро - 2017» қорытындысы

«Джиро - 2017» қорытындысы
news-banner7
mobile-news-top

28-ші мамыр күні 100-ші «Джиро д’Италия» өз мәресіне жетті. Әдеттегідей финалдық этап жолдастық сайыс күйінде өтпеді. Тартысты бәсекеде шын мықты анықталып, жалпы есептегі көшбасшылар орны жіктелді.

Миландағы жарыста көшбасшы болған «Movistar» командасының колумбиялық велошабандозы Наиро Кинтана «қызғылт жейдесін» ұстап қала алмады. Өзіне ыңғайсыз сайыста Кинтана екінші орынды қанағат тұтты. Нәтижесінде, Нидерландия тарихында бірінші рет «Джиро» жарысын Sunweb командасының спортышысы Том Дюмулен жеңіп алды. Ал үшінші орын бұрынғы «Астана» клубының көшбасышсы Винченцо Нибалиге бұйырды. Қазіргі таңда Винченцо «Bahrain Merida» клубының намысын қорғауда.

ecbfb3012b32b5d9bcd65b0dccb8c22b.jpg

«Тау патшасының» жейдесін тағы бір бұрынғы қазақстандық велошабандоз Микель Ланде ұтып алды. Бұл теке-тіресте ол екінші орынға жайғасқан «Астана» клубының спортышсы Луис Леон Санчестен 106 ұпай озды.

b0e235762f4066b9919b79ed964bf1b1.jpg

Үздік спринтер болып колумбиялық Фернандо Гавирия танылды.. 22 жастағы «Quick Step Floors» клубының спортшысы 4 кезеңде бірнші орыннан көрініп, жалпы есепте 325 ұпай жинады.

e410cb92d2a7bed1725e595856f98b33.jpg

25 жасқа дейінгі спортшылар арасында люксембургтік Боб Юнгельс топ жарды. Өзінің басты қарсыласы британиялық Адам Йейтс Юнгельсті финалдық кезеңде бір жарым минутқа қалдырып, биіктен көрінді.

874ace01d9ccfff319b6e2b4da374bef.jpg

Айта кетейік, жалпы есепте «Астана» велошабандоздары келесі орындарды иеленді: Дарио Катальдо 14-ші, Йеспер Хансен – 30-шы, Луис Леон Санчес – 43-ші, Андрей Зейц – 63-ші, Пельо Бильбао – 66-шы, Паоло Тиралонго – 83-ші, Жандос Бижигитов – 160-шы. 15 кезеңде құлаған команда көшбасшысы Танел Кангерт «Джироны» 7-ші орында аяқтауға мәжбүр болды.

e6e90a7779afbfcec0277b6c2acd6fd3.jpg

Сонымен қатар, Луис Леон Санчес биіктігінің атақты Пассо дель Мортироло көтерілімндегі жеңісі үшін арнайы «Скарпони көтерілімі» сыйлығының иегері атанды. Аталмыш сыйлық «Джиро» қарсаңында қайтыс болған «Астана» клубының спортшысы Микеле Скарпониді еске алуға арналған арнайы сыйлық,

«Менің командаласым және ардақты досыма арналған сыйлықты ұтып алу мен үшін үлкен абырой және оны мақтан тұтамын. Сыйлық маған бұйырды. Біз барлығымыз Микеле үшін 100% беріліп, ат салыстық. Өкінішке қарай, қалағанымыздай досымызды еске алу үшін «Джиро» кезеңінде жеңіске қол жеткізе алмадық. Алайда өзімізді сынға алмас үшін қолдан келгеннің барлығын жасадық», - деді Луис Леон Санчес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер