Басқа

Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан 14-ші

Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан 14-ші
news-banner7
mobile-news-top

Әзірбайжанда IV Ислам ынтымақтастық ойындары өз мәресіне жетті. Аталмыш жарыста қазақстандық спортшылар 19 медальды қанжығасына байлады. Құрамамыз екі алтын, бес күміс және 12 қола медальмен жалпы командалық есепте 14-ші орынды иеленді.

Баку төрінде боксшыларымыз Азат Махметов пен Тұрсынбай Құлахмет чемпион атанды. Күміс медальды таэквондошылар Айнұр Есбергенова, Әлімжан Серікбаев, еркін күрес шеберлері Жандос Исмаилов, Даулет Шабанбай және әйелдер күресінен Жамиля Бақбергенова құрама қоржынына еншіледі.

Қола жүлдегер атанғандар: дзюдошы Гульдана Альмуханбетова, Еламан Ерғалиев, таэквондошы Жансель Дениз, боксшылар Қуан Куатов, Сұлтан Заурбек, Илья Очкин, еркін күресшілеріміз Ілияс Жұмай, Болат Сақаев, Мамед Ибрагимов, Әділет Давлумбаев және әйелдер күресінен Айгүл Нұралым мен Зарина Құнанғараева.

IV Ислам ынтымақтастық ойындарына Қазақстанның атынан 32 спортшы аттанған еді. Жарысты қорытындылай келе турнир кестесіне жүгінсек, бірінші орынға 152 медальмен (74 алтын, 46 күміс және 32 қола жүлде) Әзірбайжан құрамасы жайғасты. Екінші орында Түркия, үздік үштікті Иран қорытындылады, ал Өзбекстан құрамасы төртінші орыннан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер