Criminals
Футбол

Мақсат Байжанов көршісін соққыға жықты

Мақсат Байжанов көршісін соққыға жықты
news-banner7
mobile-news-top

Танымал қазақстандық футболшы Мақсат Байжанов элиталы кешендегі көршілерімен көлік тұрағындағы орынға таласып қалды. Оқиға ҚПЛ-ның«Қайсар» мен қарағандылық «Шахтер» арасындағы кездесуден кейін болған. Қызылордалық команданың капитаны көршісін соққының астына алған. Бұл жайды жәбірленушілерден бөлек ІІД де растап отыр.

«Полиция қызметкерлері оны ұстаған да жоқ. Менің өтінішімді қабылдамады. Куәгерлерден жауап та алынбады. Жыртылып, қан-жоса болған киімімді де тәркілемеді. Оқиға орнын куәландырмады. Мүмкін, ол өзін жұлдызбын, жауапқа тартылмаймын деп ойлайтын шығар», - деді жәбірленуші Гайдар Айдарұлы.

f43e1af39db120a8975a92fdaeac1136.jpg

Тұрғындардың айтуынша, дау-дамай автотұрақтағы орынға байланысты туындаған. Элиталық үйде 30-ға жуық отбасы тұрады. Көліктерін бос тұрған орындарға қойып үйренген. Бірақ, футболшының әйелі шағын алаңды сатып алғанын айтқан.

«Мақсат Байжанов маған «сен кімсің» деп айқайлады. Мен Раушанмын, көршіңмін дедім. Ол маған, а, сендер екенсіңдер ғой - қаралар деді. Сосын күйеуім екеумізді балағаттады. Оның деңгейіне дейін түскіміз келмеді. Төрт патрульдік көлік келді. Ешқайсысы хаттама толтырмады», - деді Қызылорда қаласының Желтоқсан көшесі № 9 үйдің тұрғыны Раушан Байдалы.

«Жанжал олар орнатқан темір кедергіден басталды. Біріншіден, әйелі оны заңсыз орнатып алды. Көршілердің көбін ескертпеді де. Осыдан кейін біз жиналыс өткіздік. Екіншіден, қазірде көрші-қолаңның бәрі бұл қоршауды алып тастауды сұрап отыр», - деді Қызылорда қаласының тұрғыны Дина Бердалиева.

Облыстық ішкі істер департаменті мұндай оқиғаның тіркелгенін растады. Қазір іс тергелуде дейді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Спортшының өзінен сұқбат алу мүмкін болмады. Футболшының әйелі оқиғаға қатысты өз ойын айтып беруге уәде берген еді. Алайда, байланысқа шықпай отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер