Жекпе-жек
Басқа

Арман Оспанов: Мирзаевты ұтқан Гасанханов менен екі рет жеңілген

Арман Оспанов: Мирзаевты ұтқан Гасанханов менен екі рет жеңілген
news-banner7
mobile-news-top

ACB 61 турнирінде жеңіске қандасымыз Арман Оспанов Prosports.kz тілшісіне сұхбат беріп қал жағдайын баяндады.

Естеріңізге салайын, Оспанов екі раундқа жалғасқан жекпе-жекте жапониялық Тайчи Накажиманы нокаутпен ұтты.

- Арман жеңісіңізбен құттықтаймыз. Кездесуді тамашалаған жерлестеріңіз жекпе-жектен ләззат алды. Нокауттың видеосы барлық әлеуметтік желілерде жүр...

- Рақмет. Негізі қарсылас осал емес-тұғын. Бұған дейін ешкімнен нокаутпен ұтылмаған. Накажима - түрлі әдістерді орынды қолдана білетін намысты жігіт, нағыз самурай. Неге намысты? Себебі ол жекпе-жектен кейін көз жасына ерік берді. Ұтылғанына қатты өкініп, налыды. Мұндай жігіттер сыйлауға тұрарлық.

- ACB (Absolute Championships Berkut) ұйымы сізге үш матч ұйымдастыратынын білеміз. Алдағы жоспар бойынша жекпе-жектер тек Ресейде өте ме?

- Жоқ, ACB Америка, Бразилия, Мексика, ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда жекпе-жектер кешін өткізуді жоспарлап отыр. Алла бұйыртса, қыркүйекте Алматыда сондай матч ұйымдастырылуы мүмкін. Тұжырымдардың деңгейіне қарасақ UFC бірінші орында, сөзсіз. Ал Bellator сияқты мықты ұйыммен дәл осы ACB тайталасуда.

6c11482e601b92ddc568da252f4f0f12.jpg

- Жеңістен кейін атақты рефери Джон Маккарти қолыңызды көтеріп бірдеңе сыбырлағандай болды...

- Good luck (Сәттілік – қазақша) деді (күледі). Мен қарсыласты жұбатып қалын білгеніме риза болды-ау. Америкалықтар өте әсершіл болады ғой, білесіздер. Жалпы өзімен жиы ұшырасам. Амандасып, сөйлесіп тұрамыз.

- Айтпақшы, ағылшыншаңыз қалай?

- Өздеріңіз білесіздер, биыл мамыр айында мен Америкада жекпе-жек өткізуім керек едім. Бірақ, белгілі бір себептерге байланысты кездесуді ұйымдастыру мүмкін болмады. Хабиб сияқты UFC файтерлерімен жұмыс істейтін жеке менеджерім Али Абдель-Азиз ондай мүмкіндік әлі де болатынын жеткізді. Сол АҚШ-та жаттығу жасап жүргенімде ағылшын тілін біраз көтердім. Ағылшынша әжептәуір түсініп әңгіме өрбіте алам.

- Қазақстанда ММА енді дамып келеді. Жастарға үлгі болатындай қазақ батырларынан кімдерді атауға болады?

- Қайрат Ахметов, Ержан Естанов, Ермек Тлауов, Ардақ Назаров... Айта берсем көп. Бұл азаматтардың әрқайсысы да биік белестерге шыққан.

- UFC-де ТМД-дан шыққан чемпион жоқ. Мүмкін сіз алғашқысы боларсыз?

- Арманым сол. Мен жекпе-жекке ақша мен атақ үшін шықпаймын. Мақсатым – Қазақстан туын желбіретіп, бар екенімізді, «төбелесте» мықты екенімізді көрсету.

969faad71b0da422713ad93250d19b3d.jpg

- Заманның спортшылары азынаулақ жетістікке жетсе теледидарға жиі шығады. Ал сізді мүлдем байқамаймыз...

- Ондай спортшылар бар екені рас. Мойындалмаған тұжырымдар бойынша мен де әлем чемпионы атанып белбеулерді жинап теріп, сұхбат берсем болады. Бірақ ары қарай өсу мен үшін маңыздырақ. Профессионал ретінде. Қазір адамдар «жынды» емес, ғаламтор бар, әлеуметтік желілер... Шын мықты кім екенін сөзбен емес, іс-әрекетімен дәлдеуге тиіс. Мәселен АҚШ-та белгілі бір жетістікке жету үшін 5 жылдай уақыт керек.

- Мирзаев туралы сұраққа жауап беруден жалыққан боларсыз, бірақ сонда да... Бұл жекпе-жек өтуі мүмкін бе?

- Теорияда өтуі мүмкін. Мен кездесуден қашпаймын. Бірақ келіспейді-ау. Расулдың өзі самбодан Ресей чемпионатында 68 келіде топ жара алмай жүр. Мирзаевты ұтқан Руслан Гасанханов менен екі рет жеңілді. Осыдан-ақ белгілі шығар шама-шарқы...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер