Әлем футболы
Футбол

ТОП -5 | Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі несімен есте қалды?

ТОП -5 | Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі несімен есте қалды?
news-banner7
mobile-news-top

Жуырда Чемпиондар Лигасының плей офф кезеңі өтіп, 3 маусымда Кардиффте болатын финалға Мадридтің «Реалы» мен Туриннің «Ювентусы» жолдама алды. Бұл турнир тартысты, тосын сыйларға толы болды деп ауыз толтырып айтуға толықтай негіз бар. Дүбірлі доданың қызықты сәттерін еске түсірсек:

5. «Лестер» және «Монако» ойындары. Бұл екі құрама футбол жанкүйерлерін өздерінің ойынымен тамсандырған болатын. Листер Ағылшын Премьер-лигасы клубтары арасындағы Чемпиондар Лигасының 1\4 финалына шыққан жалғыз құрама болды. Өкінішке қарай, Атлетико Мадридтан өте алмады, бірақ жанкүйерлеріне мереке сыйлады десе болады. Монако Боруссия қақпасына 3 гол салып, турнирдің «жолында кездескеннің бәрін жайратқан» жас құрамасы атанды. Ювентустан 4:1 есебімен жеңіліс тапса да, жанкүйерлері Монаконы мақтан тұтады.

d2ea457370fcfd7302527a881a2530dc.jpg

946c07a6883fdfb10db75d92e9eb06de.jpg

4. Буффон және Ювентустың «супер» қорғаушылары.

Ювентустың Чемпиондар Лигасы плей офф кезеңінде жұлдызы жанды деуге негіз бар. Атақты ББК ( Бардзальи, Боннучи, Кьеллини) Джанлуиджи Буффонға 690 минут бойы қорған бола білді. Жалпы ойында тек 3 гол жіберген Ювентус финалға жолдама алған болатын.Қазіргі таңда Буффон және оның тобы көптен күткен кубогын алу жолында дайындалып жатыр.

11109b559ae9133f1c35a511e5b7e5a0.jpg

0738d96358e62c6f8398570e39c4cea4.jpg

3. Төрешілердің өрескіл қателіктері. Чемпиондар Лигасы әлемдегі үздік ірі турнир болғандықтан, ойынның әділ өтуіне кепіл беретін төрешілерді іріктеп алады. Дегенмен де, олардың қателіктер кездеспейді деген сөз емес. Арсенал – Бавария, Лестер – Севилья ойындары кезіндегі төрешілердің шешімдері бейнеқайталауды қайта көруге ерікіз мәжбүрлейді. Барселона - ПСЖ и Реал Мадрид – Бавария арасындағы матчтардағы төрешілер тарапынан кеткен қателік жанкүйерлер арасында, спорттық БАҚ арасында әлі де үлкен дау болып қала бермек. Барса мен ПСЖ арасындағы ойында Дениз Айтекиннің алғашқы таймдағы пенальтиді қоюы, Пикеге 41-минутта екінші сары қағазды бермеуі фразцуздуздықтардың ызасын келтіріп, төрешінің ойыннан қуылуын талап еткен болатын. Алайда, түрік тектес неміс төрешісі жазасыз қалды. Сонымен қатар, Реал – Бавария арсындағы шайқаста төрелік еткен венгерлік арбитр Виктор Кашшаидың Артур Видальдың ойыннан аластатуы, Роналду соққан гол офсайд болса да есепке алуы футболистердің наразылығын тудырды. Көптеген эксперттер дүбірлі додадағы «ең нашар төрелік етушілік» деген баға берді.

fe933e78d06c6f3e6b2279c5cfdc0e9b.jpg

1898a3744459e365867ed4a2b467ea47.jpg

2. Килиан Мбаппе - футбол тарихында жаңа жұлдыз. Ірі турнирде өзінің шеберлігін көрсете білген 18 жасар Мбаппе-Лоттинді тырнақшаға алып жазуға тұрарлық. Чемпиондар Лигасындағы соғылған 6 голдың иесіне, «Монаконың» форвардына әлемдік ірі құрамалардың қызығушылығы артуда. 18 жасар шабуылшы атақты қорғаушылардан өтіп, Ювентус қақпасына соққан добын аса тәжіребиелі, 39 жасар қақпашы қайтара білді. Ойын соңында Буффон Мбаппеге сәттілік тіледі.

ce80e760663753c39993b5a6dcae2abd.jpg

a544886695d3bb5a860ca0366534ac20.jpg

1. «Барселонаның» таңғажайып камбэгі. Футбол тарихында естен кетпес оқиғалар көптеп орын алады. Соның бірі - «қызылды-көк жейделілердің» таңғаларлық ойыны. 3:1 есебімен ПСЖ-дан басым түскен испаниялық құрама матчтың соңғы 7 минутында қарсыластарына тағы 3 гол соқты. Испандық «Барселона» 1\8 финалы аясындағы кездесуде франциялық ПСЖ-ны 6:1 есебімен тізе бүктіріп, турнирдің келесі айналымына өткен болатын. Бұл оқиға еурокубок тарихында мәңгі есте қалары сөзсіз.

2a0a639cf7e57e18cbcc47f6b2515c37.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер