Бокс

РЕСМИ. Головкин мен Альварес қыркүйекте жұдырықтасады

РЕСМИ. Головкин мен Альварес қыркүйекте жұдырықтасады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін T-mobile аренасында Сауль Альварес пен кіші Чавес арасында өткен жекпе-жек аяқталғаннан кейін Головкин мен Альварес айқасы жайлы хабарланды.

Головкин бүгін осы бокс кешіне арнайы келген болатын. Кездесу соңында НВО арнасының тілшісі оны рингке шақырып, жекпе-жектің 16-шы қыркүйек күні өтетінін мәлімдеді. Осыған дейін екі боксшы ұзақ уақыт бойы келісімге келе алмаған болатын. Сонымен қатар, бұл келісім бүгінгі жекпе-жектің нәтижесіне де байланысты болды. Айта кетейік, бокс кеші Лас-Вегаста өтеді.

Естеріңізге сала кетейін, бүгін Сауль Альварес 12 раундқа созылған жекпе-жекте отандасы кіші Чавестен басым түскен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер