Criminals
Футбол

Неймар алаяқтық жасағаны үшін айыпталуда

Неймар алаяқтық жасағаны үшін айыпталуда
news-banner7
mobile-news-top

Испанияның соты Бразилия құрамасы мен «Барселона» клубының шабуылшысы Неймардың үстінен алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Meridiano сайты.

Сонымен қатар, сот алдында Неймардың әкесі, «Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеу және клубтың бұрынғы басшысы Сандро Россель жауапқа тартылмақ. Айта кететін жайт, танымал футболшының ісін судья Жозе Де Ла Мата қарастыруда. Аталмыш істің басты фигуранттары саналатын жоғарыдағы адамдар бразилиялық жұлдыздың «Сантостан» каталониялық клубқа ауысу кезінде бірқатар заң бұзған. Дәлірек айтсақ, қылмыстық заңнаманың алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, пара алу және пара беру баптары бойынша айыпталуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
Барселонаның ойыншылары сондай
Жауап беру