Жекпе-жек
Басқа

UFC-де қазақ «файтері» қашан жұдырықтасады?

UFC-де қазақ «файтері» қашан жұдырықтасады?
news-banner7
mobile-news-top

Ережесіз жекпе-жектен әлемдегі ең мықты UFC ұйымында бірде-бір қазақстандық спортшы жоқ.

Шетелдік «файтерлерді» аса жақтыртпайтын UFC-де Орта Азиядан тек бір спортшы ғана өнер көрсетіп жүр. Бұл – қырғызстандық Валентина Шевченко. Ал Қазақстан намысын қорғап жүрген ешкім жоқ. Ресейдің өзінен UFC-де шамамен 13-15 «файтер» бар. Оның көп бөлігі – дағыстандықтар. Ең танымалы – Хабиб Нурмагомедов. «Бүркіт» лақап атымен октагонға шығып жүрген Нурмагомедов екі-үш жыл болды чемпиондық жекпе-жекке шыға алмай жүр. Есесіне, қырғызстандық Шевченко келесі кездесуінде UFC чемпионы бразилиялық Аманда Нуньеспен кездесуі ықтимал.

Ал Қазақстан ше? Елімізден ешкім бұл америкалық белгілі ұйыммен келісімшартқа отыра алмады. Бәрінен де UFC-ге Арман Оспанов жақын болған. Бірақ оның самбодан әлем біріншілігінде допинг қолданғаны белгілі болып, WSOF ұйымы онымен келісімді бұзды. Қазіргі таңда, «Сұңқар» ресейлік AСВ промоушендегі жекпе-жегіне дайындалуда.

2512a2a7ef5fb227ddd395208217623e.jpg

Алдағы уақытта UFC-ден қазақ «файтерін» көруіміз екіталай. Америкалықтар ешкімге танымал емес қазақ жігіттерімен келісімге отыруға асықпайды. Әлемдегі ең мықты ұйымға кіру үшін отандық «файтерлер» алдымен WSOF, Bellator сынды промоушендердің чемпионы болуы қажет.

Қазіргі уақытта ережесіз жекпе-жектен түрлі ұйымдарда чемпиондық белбеу тек Қайрат Ахметовта қана. Ол ONE FC чемпиондық белбеуінің иегері. Сондай-ақ, Жалғас Жұмағұлов осы айда ресейлік Global Fights Nights ұйымының чемпиондық атағына тартысады. Жақында ғана тағы бір спортшымыз Қуат Хамитов тура осы ұйымның чемпиондық кездесуінде жеңіліс тапқан болатын. Ендеше «Найманның» көздеген мақсатын Жалғас орындайды деген ойдамыз. Кім біледі, жеңіске жетіп жатса, UFC өкілдері жерлесімізді өз ұйымына шақырып қалар. Кезінде солай Али Багаутинов сынды бірқатар «файтерлер» Америкаға жол тартқан болатын.

05ffd5ff69ca334999a8ab3e33e5caf7.png

Дайындаған: Мөлдір Кішенова

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер