Басқа

Қарағандыда ММА-ден Қазақстан чемпионаты өтеді

news-banner7
mobile-news-top

28-29 сәуір күндері Қарағанды қаласында Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында ММА-ден Қазақстан чемпионаты өтеді.

Аталмыш жапыс осымен 5-ші рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы чемпионаттың ерекшелігі қатысушылар арасында Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген қыз балалар күш сынамақ.

Осыған байланысты Қазақстан ММА Ассоциациясының басшысы Асылбек Дүйсенов өз ойын білдірді:

«Осы кезге дейін біз өз менталитетімізге сай емес деп ММА-дегі қыздар жекпе-жегіне қарсы болдық. Бірақ қазір бүкіл әлемде әйелдер жекпе-жегі бар және одан әйелдер өз нәзіктігін жоғалтып алмайды. Жай ғана Ронда Роузи, Миша Тейт және басқаларына да қарап көріңіздер. Олар ММА секілді қатігез спортта үздік болуып қана қоймай, кино және модельдік бизнес салаларында да өздерін дамытуда. Бізде ММА секциялрына қатысқысы келетін қыз балалар өте көп. Сондықтан біз оларға әлемдік арнеларда өздерін танытуға мүмкіндік беруіміз керек».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер